logo

Жалғас Жұмағұлов сынған аяғын қашан емдейтінін айтты

Жалғас Жұмағұлов сынған аяғын қашан емдейтінін айтты

Жалғас Жұмағұлов (16-9) соңғы жекпе жекте сынған аяғының емі жайында айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

«8 наурыз күні ота жасатуға жолға шығамын. ИншаАллах жақын арада қатарға қосыламын», – деп жариялады өз Instagram парақшасында.

Қазақстандық файтер Naiza турнирінде америкалық Кливленд Маклинмен (17-12) кездескен еді. Жұмағұлов алғашқы раундта аяғын сындырып алса да, әрі қарай ара қашықтық сақтап жүріп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.