Жалғас Жұмағұлов Нейт Мэннесті жекпе-жекке шақырды
Жалғас Жұмағұлов америкалық UFC файтері Нейт Мэннесті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Әлеуметтік желіде Нейт бразилиялық Матеус Николауды шақырса Жалғас оған пікір білдірді:
«Біздің жекпе-жектен қашып кеттің, Нейт. Мик Мэйнард, оның сазайын тарттыруға рұқсат етіңіз»
Жұмағұлов пен Мэнесс 2023 жылдың мамыр айында UFC 288 турнирінде кездесуі керек еді. Алайда америкалық файтер жарақат себебімен бас тартты.