Закир Найманбаев Power Slap турнирінде үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Семейлік спортшы Закир Найманбаев Дана Уайт ұйымдастырған Power Slap спорттық тармалақтар лигасында үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық спортшының қарсыласы — Уэс Мена (4-3), ол рейтингте үшінші орынға тұрақтаған. Жекпе-жек барлық үш раундқа созылды, нәтижесінде Закир есеп бойынша 30-26, 30-26, 29-27 жеңіске жетті.
Енді Найманбаевтың Power Slap-тағы көрсеткіші 3-2, ол ауыр салмақ дәрежесінде алтыншы орында тұр.