Бұған дейін хоккейші «Адмирал» командасында қаралымнан өтпей қалған еді.
Магнитогорск хоккей мектебінің тәрбиеленушісі Владислав Дюкарев өткен маусымды «Арлан» құрамында өткізіп, Қазақстан чемпионы атанды. Регулярлық чемпионатта ол 48 матчта 40 (16+24) ұпай жинады. Плей-оффта 14 кездесуде 15 (10+5) ұпайға ие болды.
Дюкарев карьерасының көп бөлігін ВХЛ командаларында өткізген. Ол «Южный Урал», «Зауралье», «Тамбов» және «Торос» командаларында ойнаған.