logo

Хоккейден Қазақстан құрамасының жаңа бапкері белгілі ме?

Хоккейден Қазақстан құрамасының жаңа бапкері белгілі ме?

«Головой Об Лед» телеграм арнасының мәліметінше, Қарағандының «Сарыарқа» клубының бас бапкері Владимир Князев Президент Кубогы кезінде ұлттық құрама киімінде көзге түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Князев трибунадан Олег Болякинге кеңес беріп отырды. Олимпиадалық іріктеу кезінде құжат мәселесі туындаған жағдайда басқа мамандарды ауыстыруы мүмкін. Естеріңізге сала кетсек, іріктеудің соңғы кезеңі 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Братиславада өтеді. Қазақстан құрамасы Венгриия, Австрия және Словакиямен ойнайды.



Күн шежіресі