logo

Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу турниріне дайындықтың екінші кезеңіне кірісті

Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу турниріне дайындықтың екінші кезеңіне кірісті
Қазақстан хоккей құрамасы Президент Кубогы аяқталғаннан кейін Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалдық кезеңіне дайындықтың екінші кезеңіне кіріседі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

20-22 тамыз аралығында «Барыс Арена» мұз айдынында жаттығу жұмыстары өтеді. 23 тамызда құраманың кеңейтілген құрамы Чехияға жол тартады, онда 25 тамызда Хомутов қаласында жергілікті командамен жолдастық матч өткізеді. 29 тамызда Братиславада Венгрияға қарсы алғашқы іріктеу матчы өтеді.

Астанада Никита Михайлис, Валерий Орехов, Евгений Рымарев, Артем Лихотников және Иван Степаненко командаға қосылады. «Адмирал» ойыншылары Аркадий Шестаков пен Леонид Метальников, сондай-ақ «Слованнан» Андрей Шутов құрамаға Еуропада қосылады.



Күн шежіресі