Хоккейден әйелдер құрамасы Кореяны жеңді
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының үшінші матчында Кореядан басым түсті, деп хабарлайды Sport+.
Ойын нәтижесі 5:4.
Есепті Мунира Саяхатқызы ашты. Келесі шайбаны оның әпкесі Дильназ Саяхатқызы соқты. Әрі қарай Александра Шегай және Дария Молдабай қарсылас қақпасына дөп тиді. Есеп теңесті. 4:4.
Жеңісті буллит авторы Анастасия Оразбаева атанды.