logo

Хамзин мен Исмагұловтың жекпе-жектері: KARATE COMBAT 57 лигасының тікелей эфирі

Хамзин мен Исмагұловтың жекпе-жектері: KARATE COMBAT 57 лигасының тікелей эфирі

Қазақтар Флоридаға жол тартты — 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні өтетін KARATE COMBAT 57 атты ірі турнирде бұрынғы UFC жауынгері Дамир «Қазақ» Исмагұлов өз дебютін жасайды.

Оның қарсыласы — бұрын Bellator және PFL ұйымдарында сынға түскен Тайлер Хилл болады.

Турнирдің басты жекпе-жегінде тағы бір қазақстандық спортшы — Ілияс Хамзин өнер көрсетеді. Ол үш жекпе-жектен кейін чемпиондық белбеуге таласу құқығына ие болды. Хамзин 77 келі салмақтағы белбеу үшін айқасқа түседі.

Оның қарсыласы — Адриан Уэзерсби.

Турнирді 1 қараша күні сағат 03:30–да тікелей эфирде SPORT+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көріңіздер.



Күн шежіресі