logo

Хабиб Нурмагомедов UFC-ге қайта орала ма?

Хабиб Нурмагомедов UFC-ге қайта орала ма?

UFC промоушенінің жеңіл салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Instagram-дағы ресми парақшасында кәсіпқой спортқа оралуы жайлы шешімін айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

"UFC 300 менсіз өтеді, UFC 400 де", – деп жазды Хабиб Нурмагомедов.

Хабиб кәсіпқой мансабында 29 жекпе-жек өткізіп, 29 рет жеңіске жеткен. Олардың ішінде 13 кездесу UFC промоушенінде өтті.

Ресейлік файтердің соңғы кездесуі 2020 жылы UFC 254 турнирінде америкалық Джастин Гэтжимен болды. Жекпе-жек Хабибтің Гэтжиді қылқындыру тәсілі арқылы жеңіске жетуімен аяқталған еді.

Нұрмагомедов Sherdog тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі нөмірі бірінші спортшы. Панкратионнан Еуропа чемпионы, NAGA Grappling тұжырымы бойынша әлем чемпионы, самбодан Еуропа чемпионы. 



Күн шежіресі