Медаль үшін тартыс жалғасуда. WTT Youth Contender Almaty турнирінің үшінші күнінің трансляциясы
Алматыда WTT Youth Contender Almaty халықаралық үстел теннисі турнирінің тартысты бәсекелері жалғасуда.
Үшінші жарыс күні үстелге U11, U15 және U19 жас санаттарындағы жекелей сындағы спортшылар шығады.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының көшбасшысы Алан Құрманғалиев жарысты Катар өкілі Иед Джмаэльге қарсы матчпен бастайды.
Сонымен қатар жеребе бірінші айналымда бірнеше қазақстандық спортшыны өзара жолықтырды. Олардың қатарында жасөспірімдер құрамасының өкілдері Альбина Жақсылықова мен Алиса Цсвигун да бар.
Тікелей эфирдің басталуы — 09:00.
Матчтардың тікелей көрсетілімі sportplustv.kz сайтында және YouTube-тегі sportplus_qaz арнасында қолжетімді болады. Финалдық кездесулерді Sport+ телеарнасы да тікелей эфирде көрсетеді.