logo

Волейболшыларымыздың Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндігі қалған жоқ – Ермек Маржықпаев

Волейболшыларымыздың Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндігі қалған жоқ – Ермек Маржықпаев

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев воллейболдан Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік қалмаған айтты, деп хабарлайды Sportplustv.kz.

«Волейболшыларымыздың халықаралық аренада көрсетіп жүрген нәтижелері көңіл көншітпейді. Клубтар арасындағы біріншіліктерді есепке алмағанда, жерлестеріміз бірнеше жылдан бері Азия чемпионаттарында жүлдегерлер қатарынан көріне алар емес.

Ерлер арасындағы ұлттық құрамамыз ең кейінгі рет 2017 жылы, әйелдер 2005 жылы күміс медаль жеңіп алған болатын. Париждегі Олимпия ойындарына қатысу үшін біз әлемдік рейтингте ТОП-5 құраманың қатарына енуіміз керек екені белгілі.

Алайда, қазіргі таңда әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 32-ші, ал ерлер құрамасы 59-орында тұр. Яғни, волейбол спорты бойынша бізде Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік жоқ деп айтуға болады», - деді Ермек Маржықпаев.



Күн шежіресі