logo

Веретенников UFC-дегі алтыншы жекпе-жегін өткізеді

Веретенников UFC-дегі алтыншы жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық жартылай орта салмақтағы UFC жауынгері Николай Веретенников (14-7) келесі жекпе-жегін 16 мамырда өткізеді, деп хабарлайды Sport+.

Бұл туралы инсайдер Марсель Дорфф хабарлады.

UFC Fight Night 276 (UFC Vegas 117) турнирі аясында Лас-Вегас қаласында қазақстандық спортшы америкалық Калинн Уильямс (15-5) қарсы жекпе-жек өткізеді.

Николай Веретенников үшін бұл 2026 жылғы екінші жекпе-жек болмақ. Ал Уильямс қазақстандықпен айқасқа екі жеңілістен тұратын сериямен келеді, оның соңғысы 2025 жылдың маусымында Андреас Густафссон қарсы өткен жекпе-жекте тіркелген.



Күн шежіресі