Веретенников әлемдік лигаға аяқ басты
Қазақстандық Николай Веретенников (12-4) ең мықты ММА-промоушендарының бірі UFC-де 10 тамыз күні жекпе жек өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Орта салмақтағы кездесудегі қарсылас америкалық Дэнни Барлоу (8-0). Оған қоса бұл жекпе жек Лас Вегастағы UFC Vegas 35 шоуының бас кардына қойылған. Бұл дебют үшін өте жақсы көрсеткіш.