Велотректен 2026 жылғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын қазақстандықтар анықталды
Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы Азия ойындарында тректегі велоспорттан сынға түсетін Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ресми тізімге келесі спортшылар енді:
— Әлішер Жұмақан
— Максим Хорошавин
— Илья Карабутов
— Дмитрий Носков
— Рамис Дінмұхаметов
— Андрей Чугай
— Кирилл Курдиди
— Дмитрий Резанов
— Данияр Шаяхметов
— Рината Сұлтанова
Айта кетейік, ХХ Азия ойындары аясында велотрек бәсекелері 29 қыркүйекте басталады.