Валентина Хальзова: Қойылған тактиканың 60 пайызын орындадым
Бокстан 75 келі салмақта сынға түскен Валентина Хальзова алғашқы айналымдағы жеңілісінің себебін Olympic.kz сайтына түсіндірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
«Екі раунд алда тұрдым. Үшінші кезеңде де есепте алда болдым деп ойлаймын. Маған солай көрінді. Төрешілік туралы ештеңе айта алмаймын. Солай болуы керек шығар. Қарсыласым Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері. Өте тәжірибелі спортшы.
Бірақ мен алғашқы екі раундқа қарағанда үшінші раундта әлдеқайда дәлірек болдым. Қойылған тактиканың 60 пайызын орындадым. Соққыларын күтіп ала бастадым. Екінші раундтың басында ол мені басымен соқты. Содан соң, екі раунд бойы демала алмай, капа арқылы демалуға тырыстым.
Төрешілік туралы не айтамын? Төбелестен соң жұдырық жұмсамайды. Әрине, өкінішті. Қаншама жұмыс істеліп, бәрінің осылай аяқталғаны... Мен осы Олимпиадада Қазақстан әнұраны шырқалады деп сенемін», - деді Хальзова.