Маусым айында Астанада таеквондодан екі ірі турнир өтеді
Маусым айының соңында Астанада таеквондодан екі халықаралық турнир ұйымдастырылады, деп хабарлайды Sport+.
22–23 маусым күндері елордада тарихта алғаш рет Алтай таеквондо одағының чемпионаты — Altaic Taekwondo Championships өтеді.
Ал 25–27 маусым аралығында дәстүрлі халықаралық рейтингтік Kazakhstan Open турнирі ұйымдастырылады.