Қазақстан семсерлесуден Швейцариядағы Әлем кубогы кезеңінде бесінші орын алды
Берн қаласында (Швейцария) семсерлесуден ерлер арасында Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Командалық жарыста Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін жетті. Турнир барысында қазақстандық шпагашылар Бразилия құрамасын 44:22 есебімен, ал АҚШ командасын 45:39 есебімен жеңді. Алайда ширек финалда Швейцарияға 36:38 есебімен жол берді.
5-8 орындар үшін өткен кездесулерде Қазақстан құрамасы Мысырды 41:26, Гонконгті 36:35 есебімен жеңіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Әлем кубогы кезеңінде ел намысын Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Никита Жулинский және Кирилл Проходов қорғады.