Валентина Хальзова алғашқы жекпе жекте жеңілді
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Валентина Хальзова Олимпиаданы алғашқы кездесуден соң аяқтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Әйелдер арасында 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Хальзова бірінші айналымда панамалық Атейла Байлонмен кездескен болатын.
Алғашқы раундта қазақстандық спортшы 3:2 есебімен алда тұрды. Екінші раундта төрешілер Атейлаға ескерту беріп, ұпайын алып тастады. Соған қарамастан, бұл кезеңде де панамалық боксшы 4:1 есебімен ұтты.
Ал шешуші раунда Байлон тағы да 4:1 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті. Қазақстандық боксшы болса, жарысты аяқтады.