Үстел теннисі: қазақстандықтар China Smash 2025 турнирінде бақ сынайды

25 қыркүйекте Қытайдың Бейжің қаласында үстел теннисінен China Smash 2025 халықаралық турнирі басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарысқа әлемдік үстел теннисінің жұлдыздары қатысады: Ван Чуцинь (Қытай, халықаралық рейтингте № 1), Линь Шидун (Қытай, № 2), Уго Кальдерано (Бразилия, № 3), Томокази Харимото (Жапония, № 4), Трулс Морегард (Швеция, № 5), Лян Цзинкунь (Қытай, № 6), Феликс Лебрун (Франция, № 7), Бенедикт Дуда (Германия, № 8), Сян Пэн (Қытай, № 9), Дарко Йоргич (Словения, № 10) және басқа да спортшылар.
Қазақстандық спортшылар Кирилл Герасименко мен Зәуреш Ақашева турнирдің іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Олардың қарсыластары — ирандық Амирреза Аббаси мен қытайлық Яо Жуйсюань болмақ.