Үстел теннисі: Еуразиялық Суперлиганың шешуші ойын күнінің тікелей трансляциясы
31 мамыр күні Ақтөбеде ерлер арасындағы үстел теннисінен Еуразиялық Суперлигасының екінші туры мәресіне жетеді.
Sport+ телеарнасы тікелей эфирде бірінші турдың жеңімпазы әрі турнир кестесінің көшбасшысы — Ресейдің Свердлов облысынан келген УГМК командасының екі кездесуін көрсетеді.
Ресейлік командаға Қазақстанның үздік үстел теннисшілері қарсы тұрады. Олар сағат 16:30–да елордалық «NOMAD PRO» командасымен ойнайды.