logo

«Уимблдон» турнирінде қазақстандық төрт теннисші іріктеу сынын жеңіспен бастады

«Уимблдон» турнирінде қазақстандық төрт теннисші іріктеу сынын жеңіспен бастады

Қазақстан теннисшілері Лондонда «Уимблдон» турнирінің іріктеу кезеңдерін бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ерлер арасында Қазақстан өкілі Михаил Кукушкин бірінші кездесуінде украиналық Виталий Сачконы 2:0 есебімен ұтты.

Отандасымыз екі сетте де 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Енді ол келесі кезеңде франциялық Бенджамин Бонзимен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, Денис Евсеев Франция теннисшісі Маттео Мартиноны 2:1 есебімен жарыс жолынан шығарып тастады. Евсеев үш сет бойынша 6:7, 6:2, 7:6 есебімен келесі кезеңге өтті. Осылайша ол екінші кездесуі француз теннисшісі Титуан Дрогеға қарсы өткізеді.

Ақтау теннис мектебінің өкілі Бейбіт Жұқаев «Уимблдон» додасында австриялық Юрий Родионовтан айласын асырды. Жұқаев алдағы ойынды Сербия теннисшісі Хамад Медьедовичпен өткізіп, өзара мықтыны анықтайды. Бұдан бөлек, Тимофей Скатов та италиялық теннис шебері Андреа Пеллегриноны ұтып, келесі сында Словакия атлеті Лукаш Клейнге қарсы шығады.