УГМК — Еуразия лигасының әйелдер суперлигасының көшбасшысы

УГМК — Еуразия лигасының әйелдер суперлигасының көшбасшысы

Астанада үстел теннисінен Еуразия лигасы Суперлигасының екінші туры өтті, деп хабарлайды Sport+.

Үш ойын күнінің қорытындысы бойынша көшбасшылық орнын Ресей құрамасының жетекші ойыншылары өнер көрсететін Свердлов облысының УГМК командасы сақтап қалды. Команда құрамында Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы және WTT турнирлерінің алтын жүлдегері Элизабет Абраамян да бар.

Екінші орынға Өзбекстанның Ташкент қаласындағы «Хван Ман Гым» спорт клубының командасы жайғасты.

Қазақстандық командалар арасында ең үздік нәтиже көрсеткен — «Қарағанды» командасы. Оның құрамында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Зауреш Ақашева мен Жанерке Құшқымбаева өнер көрсетеді.



Күн шежіресі