logo

UFC тағы бір қазақстандық жауынгермен толықты

UFC тағы бір қазақстандық жауынгермен толықты

UFC 319 турниріндегі жеңіліске қарамастан, қазақстандық ММА жауынгері Әліби Ідіріс ұйыммен төрт жекпе-жекке келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport+ «Шредингер спортына» сілтеме жасап.

17 тамыз күні Алиби The Ultimate Fighter шоуының финалында америкалық Джозеф Моралеске мерзімінен бұрын жеңіліп қалды. Бұл жекпе-жекте UFC-мен эксклюзивті келісімшарт сарапқа салынған еді.

Алайда UFC басшысы қазақстандық спортшының қабілетін жоғары бағалап, оған мүмкіндік беруді жөн көрді.