UFC-дің экс-чемпионы Шымкентте жекпе-жек өткізеді

Лига «Alash Pride» 110-турнирін жариялады, іс-шара 25 шілде күні Шымкентте өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Кештің басты жекпе-жегінде UFC-дің бұрынғы чемпионы Алджемейн Стерлинг пен Ержан Естанов арасындағы грепплинг сайысы өтеді.
Сондай-ақ турнир аясында Руслан Сариев, Бобур Абдулазизов, Бекзат Жасия, Рүстем Құдайбергенов, Асылжан Таскет және басқа да спортшылардың жекпе-жектері жоспарланған.
Турнирді тікелей эфирде Sport+ арнасы көрсетеді.