logo

«Барыстың» ең сәтсіз маусымы

«Барыстың» ең сәтсіз маусымы

Құрлықтық хоккей лигасында тұрақты чемпионат аяқталуға таяу, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Астаналық «Барыс» командасының осы маусымда бар болғаны екі ойыны қалды. 24 ақпан «Ладамен», ал 26 ақпан «Сибирьмен» кездеседі.

Қазіргі уақытта Олег Болякин шәкірттері 66 матчта 48 ұпай жинаған. Осылайша Шығыс конференциясында 12-орыннан жоғары көтеріле алмайды. Қалған қос матчта да жеңіске жеткен жағдайда астаналықтардың еншсініде 52 ұпай болмақ. Бірақ бұл көрсеткіш қазірдің өзінде 53 ұпайы бар «Адмиралдан» озуға көмектеспейді.

Одан бөлек «Барыс» осы маусымдағы лиганың ең нашар командасы атануы да мүмкін. Алдағы ойындарда тағы да жеңіліске ұшыраған жағдайда 66 ойында 47 ұпай жинаған «Витязь» командасынан да төмен түседі.

Ағымдағы маусымды ресми түрде «Барыстың» ең сәтсіз маусымы деп атауға болады. 2022-2023 чемпионатының нәтижесі бойынша елордалық клуб Шығыс дивизионында соңғы орында, тұрақты чемпионат нәтижесі - 61 ұпай.