logo

Тоқаев UWW президенті Лаловичті орденмен марапаттады

Тоқаев UWW президенті Лаловичті орденмен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Халықаралық күрес федерациясының президенті Ненад Лаловичті қабылдады, деп хабарлайды Sport+ Ақор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Тоқаев күрестің халықаралық спорт аренасында еліміздің позициясын нығайтуда маңызды рөл атқаратын спорт түрі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Халықаралық күрес федерациясымен стратегиялық ынтымақтастықты күшейтуге мүдделі екенін білдірді.  

Ненад Лалович Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Ол Қазақстанды федерацияның маңызды серіктесі деп атап, ұлттық күрес мектебінің әсерлі жетістіктеріне тоқталды.  

Кездесу барысында Қазақстанның әлемдік спорт қауымдастығындағы орнын нығайту және күресті басым спорт түрлерінің бірі ретінде дамыту перспективалары талқыланды.  

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Халықаралық күрес федерациясының басшысын Қазақстандағы күресті дамытуға қосқан үлесі үшін «Достық» орденінің II дәрежесімен марапаттады.



Күн шежіресі