Даулет Турлыханов: Лаловичтің Қазақстанға келуі – отандық күрес үшін маңызды оқиға

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Даулет Турлыханов өз әлеуметтік желілерінде Ненад Лаловичтің Қазақстанға келуінің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Sport+.
«Қазақстанға ресми сапармен Біріккен күрес әлемінің (UWW) президенті Ненад Лалович келді. Сапар аясында ол елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешені мен Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына барды.
Ненад Лаловичтің Қазақстанға келуі — отандық күрес үшін маңызды оқиға. Бүгінде қазақстандық балуандар халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсетіп, әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында жүлделі орындарға ие болуда»