logo

Тоқаев туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады

Тоқаев туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады, деп хабарлайды Sport +.

Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, салаға вертикалды басқару жүйесін енгізу шаралары басталды. Осы мақсатта министрлік жанынан арнайы құрылған топ мүшелері өңірлердегі спорт саласының жағдайына жан-жақты талдау жүргізді.

Бұдан бөлек, қолданыстағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға негізгі басымдықтарды айқындайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Халықаралық федерациялармен ынтымақтастық аясын кеңейту, спорт инфрақұрылымдарын жетілдіру үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына еліміздің туристік әлеуетін арттыру шаралары туралы мәлімет берілді. Мысалы, шетелдік саяхатшыларға түрлі мүмкіндіктер ұсынатын Neo Nomad Visa жобасы іске қосылды.

Президент тапсырмасына сәйкес, Алматы тау кластерін, Маңғыстау және Бурабай курорты аймақтарында жағажай туризмін дамыту жөнінде кешенді жоспар әзірленуде. Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылып, лудоманияға қарсы күрес қолға алынды.



Күн шежіресі