Тоқаев Головкинмен кездесу өткізді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) басшысы Геннадий Головкинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ақорда мәліметі бойынша, кездесу барысында ҰОК басшысы президентке ұлттық құраманың алдағы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындығы туралы хабарлады.
Геннадий Головкин сондай-ақ комитеттің спорт саласындағы білім беру жобалары мен ұйымның халықаралық қызметі туралы баяндады. Головкиннің айтуынша, ҰОК Халықаралық Олимпиада комитеті, Азия Олимпиада кеңесі және басқа елдердің серіктестерімен ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келеді. ҰОК басшысы атап өткендей, спортшылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылады.