logo

Теннистен әйелдер құрамасында өзгерістер орын алды

Теннистен әйелдер құрамасында өзгерістер орын алды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасына енді Юрий Щукин жетекшілік етеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan ұйымның баспасөз қызметінің ақпаратына сүйене отырып.

Осы уақытқа дейін бұл қызметте Ярослава Шведова еді. Ол 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін әрі капитан, әрі ойыншы ретінде жұмыс істеді. Кейін толықтай капитандыққа ауысты. 

Юрий Щукин әйелдер құрамасында көмекші бапкер ретінде қызмет атқарды, сондай-ақ 2020 жылдың наурызынан бері Қазақстан ерлер құрамасын басқарады. 

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев:

Әйелдер құрамасында түбегейлі ештеңе өзгертпеді. Бұрын әйелдер құрамасында Юрий бапкер, Ярослава капитан еді. Енді керісінше Щукин басшылық тізгінді қолға алып, Шведова оған жәрдемдесетін болады. Былайша айтқанда, кадрлар орнын ауыстырды, бұл құраманың биылғы маусымда табысты өнер көрсететініне септеседі деп үміттенеміз.