Темірлан Анарбеков: Болашақта Қазақстанның нөмірі бірінші қақпашысы болғым келеді
- Қазақстан жастар құрамасының көшбасшы ойыншыларының бір болды. Іріктеу кезеңінің соңында команда ойыны не себепті өзгерді деп ойлайсың?
- Іріктеу кезеңінің басында қорғанысқа көп көңіл бөлдік. Кейін бас бапкер өзгеріс енгізіп, шабуылда ойнайтын болдық. Ойын сұлбасы өзгерді. Соның арқасында болар, Шотландияны жеңіп, Испанияға лайықты тойтарыс бердік. Іріктеуден өте алмасақ та, командада белгілі бір деңгейде өсу болды.
- Испаниямен ойында қақпашы ретінде өзіңе көңілің толмаса да, команда сырт алаңда төрт гол соқты. Бұл ойын қандай әсер қалдырды?
- Матчты ауыр бастадық, бірақ артынша гол соға бастадық. Жанкүйерлердің бізге шапалақтап, қолдау көрсеткенін байқадым. Мұндай ойынды ешкім күтпесе керек.
- Қазақстан құрамасына алғаш шақыртуды қалай білдің?
- Ол кезде ұлттық құрамаға шақырады деп ойламадым. Ата-анам мен достарым тізімді жіберген соң бір-ақ көрдім. Биыл қақпашы ретінде прогресс болғандықтан мені шақырды деп ойлаймын.
- Ұлттық құрамада қақпашылармен тәжірибелі Гинтарас Стауче жұмыс істейді. Жаттығуы қалай екен?
- Стаучемен бұрын-соңды көрмеген жұмыс істейміз. Тіпті, дене қыздыру жаттығуында бар назарың алаңда болу керек. Өте тез, белсенді жаттығулар көп. Осындай жаттығулардан соң өсіп жатқанымды байқаймын.
- Қазақстан ұлттық құрамасына үйреністің бе?
- Иә, бой үйреттік. Қазір тек жаттығу жасап, көп дайындалып жатырмын. Болашақта Қазақстанның нөмірі бірінші қақпашысы болғым келеді.