Корея Республикасының Муджу қаласында пара таеквондодан Әлем чемпионатында қазақстандық Малик Мұқашев К41 классында 80 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Екінші орынды Саид Сабах Хамид Аль-Фаххам (Ирак), ал үшінші орынды Яшар Сами Гокбаба  (Түркия) алды.  

Бұдан бөлек, аталмыш додада К41 классында Қайырғали Юсупбеков 63 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдені еншіледі.

Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара таеквондодан Әлем чемпионаты 20-22 қараша аралығында өтті. Жарысқа әлемнің 60 елінен 240-тан астам спортшы қатысты.