Тамирлан Саралапов: Белбеуді Қостанайға алып келемін
NAIZA лигасының жартылай орта салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеуге үміткер Тамирлан Саралапов Sport+ арнасына берген сұхбатында 8 тамыз күні Бейжіңде өтетін лига турниріндегі титулдық жекпе-жекке дайындығы туралы айтты:
«Дайындығым өте жақсы өтіп жатыр, бабымдамын. Енді соңғы дайындық кезеңі мен аздап салмақ қуу ғана қалды. Барлығы дайын болғанда ММА-ның бар сұлулығы мен тартымдылығын көрсетеміз. 8 тамызда өтетін жекпе-жектерді жіберіп алмаңыздар, өте қызықты әрі әсерлі кездесулер болады! Иншалла, чемпиондық белбеуді Қазақстанға алып келемін».
Саралапов чемпиондық жекпе-жекте Дулат Кенесбековке қарсы октагонға шығады.