Талғат Орынбасар Астанадағы Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

Талғат Орынбасар Астанадағы Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде финалдық кездесулер басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақтың финалында моңғолиялық Сухбат Бямбасурэнмен кездесті. Белдесудің қорытындысы бойынша моңғолиялық спортшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 

Осылайша Талғат Орынбасар жарысты күміс медальмен аяқтады. 

Дәл осы салмақта бұған дейін Шерзод Давлатов отандасы Мағжан Шамшадиннің жарысқа шықпайтынына байланысты қола жүлдеге ие болды.



Күн шежіресі