Тайлақ Қытай лигасындағы турнирді басқарды
Этникалық қазақ Тайлақ Нұражыұлы (9-1) WKG лигасының турнирінің басты жекпе-жегін басқарды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Тайлақ пен ресейлік Максим Шимченко арасындағы жекпе-жек 8 маусым күні Қытайдың Ақсу қаласында өтетін турнирдің басты оқиғасы болады.
Нуражыұлы өзінің соңғы жекпе-жегін NAIZA лигасының турнирінде өткізіп, бразилиялық Дуглас Рибейроні нокаутпен жеңген болатын.