Таеквондошы Абабакиров алғашқы айналымда жеңілді
Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жекте жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Ерлер арасында 58 келі салмақта сынға түскен Абабакиров алғашқы айналымда Олимпиада чемпионы, италиялық Вито Дел'Акилаға қарсы шыққан болатын.
Алғашқы кезеңде 12:6 есебімен басымдық танытқан Самирхон соңғы екі кезеңде қарсыласқа есе жіберіп алды.
Енді ол қарсыласының финалға жетуін күтеді. Егер италиялық спортшы ақтық сынға жетсе, Самирхон Абабакиров жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алады.