Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі анықталды
Таеквондодан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан таеквондо федерациясының мәліметіне сәйкес, Өзбекстан астанасында ел намысын 20 спортшы қорғайды.
Қыздар
— Шахризода Акрамова (42 келіге дейін)
— Айым Серікбаева (44 келіге дейін)
— Сұлу Абибулла (46 келіге дейін)
— Жанеля Жақсылықова (49 келіге дейін)
— Элеанора Шералы (52 келіге дейін)
— Нұрайлым Бақытжанқызы (55 келіге дейін)
— Эвелина Абдрасулова (59 келіге дейін)
— Любовь Юн (63 келіге дейін)
— Балгерім Өтеген (68 келіге дейін)
— Сабина Туртулова (68 келіден жоғары)
Ұлдар
— Сағи Мәдиұлы (45 келіге дейін)
— Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін)
— Әділет Шері (51 келіге дейін)
— Ислам Медетбай (55 келіге дейін)
— Нұралы Махмұт (59 келіге дейін)
— Мұхаммедәлі Махмұт (63 келіге дейін)
— Алидар Абдукаримов (68 келіге дейін)
— Жанайбек Шамұратов (73 келіге дейін)
— Бекзат Ғазиз (78 келіге дейін)
— Аманай Құралбаев (78 келіден жоғары)
Әлем чемпионаты 12-17 сәуір аралығында өтеді.