Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Афинада (Грекия) өтіп жатқан Aphrodite Cup турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз көпсайыс қорытындысы бойынша алтын медаль жеңіп алды. Ерекешева жалпы есепте 109,700 ұпай жинады.
Екінші орынды Румыния спортшысы Андреа Вердес иеленді — 104,250 ұпай. Ал үздік үштікті Болгария өкілі Дара Стоянова түйіндеді — 103,450 ұпай.