Таеквондодан Қазақстан құрамасы Әлем кубогында медальға бір қадам жетпей қалды

Таеквондодан Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында командалық Әлем кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сілтеме жасап.
9 шілдеде Қазақстан құрамасы аралас командалық сайыста өнер көрсетті.
Отандастарымыз ширек финалға дейін жетті. Нәтижесінде Өзбекстан құрамасына 2:1 есебімен жол берді.
Ұлттық құрама сапында: Мерген Ғаниев, Абдурахман Марипов, Камила Аймукашева, Аида Таукенова ел намысын қорғаған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдеге қол жеткізген еді.