logo

Шыңғыс Ракпаров - Норвегия Кубогының күміс жүлдегері

Шыңғыс Ракпаров - Норвегия Кубогының күміс жүлдегері

Қазақстандық спортшы Шыңғыс Ракпаров шаңғымен қоссайыстан Норвегия Кубогында екінші орын алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Норвегия Кубогы Тронхеймде 19-21 қаңтар аралығында өтті. Бірінші орында норвегиялық Андреас Оттесен, екінші орында  Ракпаров, ал үздіктер үштігін Норвегияның тағы бір өкілі Сандер Колберг түйіндеді.

 «Жарыстан жақсы әсер алдым. Көрсеткішім жаман емес деп ойлаймын. Трамплиннен секіру сәтінде сәтсіздікке ұшырадым, дегенмен сайыс кезінде уақыт жеңдім. Жарыс жолында оңай болмады, әсіресе екінші күні қиналдым, өйткені бар күшім алғашқы күні сарқылған еді. Нәтижесінде жеңімпаздан үш-ақ секіндқа кеш келдім» – деді Ракпаров Sport Plus Qazaqstan тілшісіне.