25 шілдеде Шымкент қаласында «Alash Pride» 110 атты ірі турнир өтеді.

Бас жекпе-жекте елордалық Tobet Top Team клубының өкілі Асылжан Таскет лиганың уақытша чемпионы атағы үшін күш сынасады.

Сондай-ақ турнир картасында жеңіл салмақтағы лиганың бұрынғы чемпионы Рүстем Құдайбергенов, уақытша чемпион атағының иегері Бекзат Жасия, «Еркін Күш» өкілі Георгий Майсурадзе және басқа да танымал спортшылар өнер көрсетеді.

Барлығы 17 жекпе-жек жоспарланған. Тікелей трансляция 18:00–де басталады.

Көрсетілім Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және YouTube-тегі sportplus_qaz арнасында қолжетімді болады.