Сульшердің алғашқы матчы сәтсіз аяқталды (видео)
Оле Гуннер Сульшер «Бешикташтың» бас бапкері ретінде Түркия Суперлигасында алғашқы ресми матчтын өткізді, деп хабарлайды Sport+.
«Антальяспорға» қарсы матчтың есебі 1:1.
Кездесудегі қос гол ойынның соңғы минуттарында соғылды. Рафа Сильва «бүркіттерді» алға шығарса, «Антальяспордың» футболшысы Ердал Ракип 85 минутта таразы басын теңестірді.
Қазақстан мен «Бешикташ» құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов алаңға 71-минутта шықты.