Стоилов өзінің бұрынғы клубына қарсы. «Фенербахче» — «Гезтепе» матчының тікелей эфирі
Станимир Стоиловтың «Гезтепесі» Түркия чемпионатың басты тосын сыйы атанды, себебі команда ең кішкентай бюджетпен турнир кестесінің 4-ші орынында келе жатыр.
Стоилов-бапкер үшін «Гезтепе» мансабындағы алғашқы түрік клубы болса, ал футболшы ретінді Станимир стамбулдық «Фенербахче» құрамында ойнап, команда сапында 30-ға жуық матч өткізді.
Станимирдің футболшылары матч қарсаңында қатарынан үш жеңіспен келед: екеуі Суперлигада және біреуі кубокта.
«Фенербахче» 7 матчтан тұратын жеңіліссіз сериясында келе жатыр. Олардың еншілерінде 5 жеңіс және 2 тең ойын бар, соның ішінде Еуропа лигасы аясында француздық «Лионмен».
Осы маусымда командалар арасындағы алғашқы матч 2:2 есебімен аяқталды. Аталмыш кездесуде Джеко мен Эн-Несиридің голдарының арқасында «Фенербахче» бірінші таймның соңында 2:0 есебімен алға шықты, бірақ «Гезтепе» жеңілістен аман қала алды. Соңғы голды Ромуло қосымша 5 минутта соққан еді.
Қос команда арасындағы жаңа кездесу 26 қаңтарда сағат 21:00–де өтеді. Тікелей эфирде ойынды Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.