Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты: Виктор Друзин әртістік жүзуден үздік ондықтың қатарынан көрінді

Қазіргі уақытта Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
21 шілдеде Виктор Друзин әртістік жүзуден еркін жаттығуда өнер көрсетті.
Отандасымыз финалдық сында 197.9225 ұпай жинап, 8-орынға табан тіреді.
Алтын медальді ресейлік Александр Мальцев жеңіп алды — 229.5613. Муе Го (Қытай) 220.1926 ұпаймен екінші орынға жайғасса, Италия өкілі Фелиппо Пелати 213.9850 ұпаймен қола жүлдегер атанды.