logo

Станислав Черчесов: Төрт қорғаушымен ойнау жоспарым бар

Станислав Черчесов: Төрт қорғаушымен ойнау жоспарым бар

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Аустрияға (0:4) қарсы ойыннан кейін төрт қорғаушымен ойнау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Мен төрт қорғаушымен ойнау жоспарында екенімді айтқым келеді. Бізге қорғаныс пен шабуыл арасындағы теңдікті табу қажет. Қазақстан құрамасы Грекиядан бес гол жіберіп, кейін Армения мен Әзірбайжанға жеңілді. Аустрия құрамасына тиісті баға беру керек, олар жақсы ойын көрсетті. Біз олардың Еуропа чемпионатында көрсеткен деңгейін білеміз. Бұл жұмысты жалғастыруымыз керек. Бес қорғаушымен ойнау — еш жаққа апармайтын жол. Осындай схемада бізге алға да, артқа да істер жүрмейді», — деді Черчесов.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриядан 0:4 есебімен жеңілді. 13 қазанда қазақстандықтар өз алаңында Словениямен ойын өткізеді.