logo

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасы тізгініндегі алғашқы жаттығуын өткізді

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасы тізгініндегі алғашқы жаттығуын өткізді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы матчтарға дайындығын бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда Ұлттар лигасы аясындағы матчтарға дайындық жұмысын бастады.

Футболшылар жаттығудың алғашқы күнін залда өткізді. Ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов бұл жаттығу жұмыстарының басы-қасында болды.

Сондай-ақ бұл жаттығу жиынына қазақстандық клубтарда ойнайтын футболшылар ғана қатысты. Шетелдік клубтарда өнер көрсететін ойыншылар алдағы күндері құрама қатарына қосылады.