Станислав Черчесов: Командаға беріліп ойнаған үшін «бес» деген баға қоюға болады
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Норвегия құрамасына қарсы матчтан кейін (0:0) түсініктеме пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Біз жаңа жолдамыз, басқа лига, басқа деңгей, қазірдің өзінде В дивизионын бастадық, сондықтан әр ойын бәсекеге толы болады. Біз әр матчқа дайындалуымыз керек, мықты деген әр қарсыласпен күресуіміз керек, олардан осал жерлерін іздеуіміз керек және өз жұмысымызды тиянақты жасауымыз қажет. Біздің командаға беріліп ойнағандары үшін „бес“ деген баға қоюға болады деп ойлаймын. Команданың ойынына қатысты — алда аздап жұмыс істеуі керек. Жанкүйерлерге рахмет, енді Словенияға дайындаламыз», — деді ресейлік бапкер.