Sport+ және Қазақстан каратэ федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Sport+ телеарнасы мен Қазақстан каратэ федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Sport+ телеарнасы федерациямен серіктестікті нығайтып, отандық спорттың дамуына өз үлесін қосып, каратэден Қазақстан Республикасының чемпионатын алғаш рет тікелей эфирде көрсетеді. Ұлттық дода 13 сәуірде Ақтау қаласында өтеді.
Ұлттық құраманың қатысуымен K-1 Премьер-лигасының кезеңдерін сәтті көрсетіп үлгерген SPORT+ телеарнасы қазақстандық каратэшілердің халықаралық аренадағы өнерін белсенді түрде көрсетуді жалғастырады. Арнаның хабар тарату кестесінде биылғы Еуропа чемпионаты мен әлем чемпионаты да бар.
2025 жылғы трансляциялар:
K-1 Премьер лигасы:
20 сәуір, Каир (Египет)
1 мамыр, Рабат (Марокко)
Еуропа чемпионаты:
10-11 мамыр, Ереван (Армения)
Әлем чемпионаты:
29-30 қараша, Каир (Египет)