Sport Plus Qazaqstan Әли Ахмедовтың жекпе-жегін көрсетеді
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (21-1, 16 КО) 20 қыркүйекте Ирландияның Дублин қаласында француз Пьер Дибомбеге (22-1-1, 12 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді.
Қазақстандық үшін бұл Ирландиядағы бірінші жекпе-жек болады. Ол өзінің соңғы жекпе-жегін АҚШ-та өткізіп, Энкарнасьон Диасты (18-5, 11 КО) нокаутқа жіберді.
Аталмыш жекпе-жек кештің басты оқиғаларының бірі болады. Кештің басты жекпе-жегінде жергілікті жұлдыз Каллум Уолш пен поляк Пшжемыслав Руновски кездеседі.
Аталмыш турнирді Sport Plus Qazaqstan арнасы тікелей эфирде көрсетеді.