logo

Sport+ командасы 2024 жылғы MAJILIS CUP жарысын жеңді

Sport+ командасы 2024 жылғы MAJILIS CUP жарысын жеңді

Sport+ телеарнасының командасы БАҚ өкілдері арасында футболдан MAJILIS CUP 2024 республикалық турнирінің жеңімпазы атанды.

Турнирге республиканың түкпір-түкпірінен 19 команда қатысты. Sport+ командасы өз тобында РТРК, Almaty-Qonaev, Aqmeshyt командаларын жеңіп, Meta-rating командасымен тең ойнады.

Осыдан кейін олар плей-офф кезеңінен сенімді түрде өтіп, финалға жетіп, ақтық ойында Turkistan командасын жеңіп, кубок иегері атанды.